Израиль Газа секторына кеңейтілген әскери операция жүргізуді мақұлдады

Израильдің қауіпсіздік кабинеті ХАМАС-қа қарсы әскери операцияны кеңейту жоспарын мақұлдады.

Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Израиль әскеріне Газа секторын басып алып, бақылауда ұстауын тапсырды. Сөйтіп, ХАМАС-ты біржолата жойып, тұтқындарды босатуды көздеп отыр. Бұл туралы AP агенттігі Times of Israel басылымына сілтеме жасай отырып хабарлады. Олардың сөзінше, Израиль қауіпсіздік кабинеті тағы Газаға гуманитарлық көмек жеткізу мәселелерін талқылады. Алайда көмек қашан жеткізілетіні әзірге белгісіз. Бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық құрылымдар Израильдің гуманитарлық көмек жеткізуді әскери мақсатта пайдалануына қарсылық танытып, жоспарын сынға алды. ХАМАС қозғалысы да БҰҰ-ның ұстанымын қолдады.