Фридрих Мерц Германияның канцлері болып сайланды
Фридрих Мерц Германияның жаңа канцлері болып сайланды, деп хабарлайды 24kz.
Бірер сағат бұрын ел парламенті, яғни, Будестаг депутаттарының жартысынан көбі саясаткерді қолдап, дауыс берді. Осыған дейін Христиан-демократиялық партиясының жетекшісі жеткілікті дауыс жинай алмаған. Яғни, қажетті 316 дауыстың тек 310-ын жинаған еді. Бұған дейін канцлерлікке үміткер болғандар бірінші кезеңнен сүрінбей өтетін. Ел тарихында бұрын-соңды мұндай жағдай болған емес. Сарапшылардың бірі: «Фридрих Мерц жеңіске жеткенімен, әлсіз мандатпен билікке келуі оның ықпалын шектейді» десе, енді бірі: «Бұл жағдай саяси күштердің соңғы сәтте келісімге келгенін көрсетеді», - деп санайды