Буденстаг Фридрих Мерцті канцлер ретінде бекіткен жоқ

Германия парламенті, яғни, Будестаг, Фридрих Мерцті канцлер болғанын қаламайтын сыңайлы, деп хабарлайды 24kz.

Өйткені Христиан-демократиялық партиясының жетекшісі жеткілікті дауыс жинай алмаған. Енді парламент екі аптаның ішінде қайта дауысқа салуы тиіс. Осыған дейін канцлерлікке үміткер болғандар бірінші кезеңнен сүрінбей өтетін. Ел тарихында бұрын-соңды мұндай жағдай болған емес. Сарапшылардың бірі: «Фридрих Мерц екінші кезеңде жеңіске жетсе де, әлсіз мандатпен билікке келуі, оның ықпалын шектейді» десе, енді бірі: «Бұл жағдай Христиан-демократиялық партиясының ішінде алауыздық бар екенін аңғартты», - деп санайды.