Үндістанда 18 әуежай жұмысын уақытша тоқтатты
Үндістанның солтүстік-батысында 18 әуежай жұмысын уақытша тоқтатты.
Бұған Пәкістандағы қарулы операцияның басталуы түрткі болған. Қазір 200-ден аса ұшақ көкке көтерілген жоқ. Бұл шектеу 10 мамырға дейін енгізіліп отыр. Әуе тасымалдаушы компаниялар жолаушыларға билетті тегін ауыстыруға немесе құнын толық қайтарып беруге әзір.