Сарапшы: Джамму және Кашмирдегі шиеленістен ядролық қақтығыс қаупі артты

Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайдың ушығы ядролық қақтығыс қаупін арттырады.

Халықаралық сарапшылар осылай дейді. Тараптар бұған дейін де қарулы қақтығысқа барған. Бірақ сарапшылар бұл жолғысы ең ауқымды шиеленіс болғанын айтады.

Майкл Кугельман, В.Вильсон орталығы жанындағы оңтүстік азия институтының директоры:

- Жағдай қиын. Әскери қуаты мықты екі мемлекет күш көрсетуе дайын. Ахуал ушыққан сайын ядролық қару қолдану қаупі де арта түседі. Бұған дейін екі ел бір-бірімен соғысқанын және бір-біріне қарсы күш қолданғанын жақсы білеміз.