Үндістанда әуежайлар жабылды

Оңтүстік Азиядағы ахуалдың ушығуына байланысты Үндістанның солтүстігінде 21 әуежай жабылды, деп хабарлайды 24kz.

Олар 10 мамырға дейін жұмыс істемейді. Салдарынан 150-ге жуық рейс кейінге шегерілді. Бұған дейін Пәкістан өз әуе кеңістігін 48 сағатқа жапқан еді. Бірақ қазір әуежайлардың көбі жұмысын қайта жандандырды. Ал халықаралық әуе компаниялары өңірге рейстерін уақытша тоқтатып жатыр.