Пәкістан Үндістанның 12 дронын атып түсіргенін мәлімдеді

Пәкістан мен Үндістан арасында ақпараттық соғыс басталған сыңайлы. Өйткені екі тарап таратқан деректер бір-біріне қайшы. Мәселен, Пәкістан Үндістанның 12 дронын атып түсіргенін мәлімдеді. Ел әскерінің ресми өкілі Ахмед Шариф Чаудхридің айтуынша, олармен Пәкістанның әскери нысандарына соққы жасалмақ болған.

Ахмед Шариф Чаудхри, Пәкістан қарулы күштерінің ресми өкілі:

- Үндістан Пәкістанға қарсы Haroр деп аталатын дрондарымен шабуыл жасады. Осылайша ашық агрессия танытты. Пәкістан қарулы күштері жоғары дайындық пен қырағалықтың арқасында осы уақытқа дейін он екі ұшқышсыз аппаратты атып түсірді.

Үндістан пәкістанның мәлімдемесін жоққа шығарды

Алайда Үндістан тарапы Пәкістан әскерінің баспасөз қызметі таратқан кей ақпарат жалған екенін мәлімдеді. Ресми Нью-Дели: «Лахор қаласының маңында атып түсірілген дронның суреті – 2022 жылы Украинада түсірілген кадрлар», – дейді. Сондай-ақ Пәкістан күштерінің 1 үнді жойғыш ұшағын атып құлатқаны жайлы мәліметі де өтірік деп отыр.