Жаңа Рим папасын жұртшылық қуанышпен қарсы алды
Жаңа Рим папасының сайланғаны туралы жаңалықты әлемде алғашқылардың бірі болып Ватикандағы Әулие Петр Базиликасының алаңына жиналған жұрт естіді.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ден кейін көп ұзамай жаңа понтификтің сайланғаны белгілі болды. Сикстин капелласының мұржасынан шыққан ақ түтін соның дәлелі болды. Шіркеу қоңыраулары соғылып, сол сәтте алаңға 40 мыңнан астам адам жиналды.
БЛИЦ
1 Бұл күтпеген жағдай болды, біз ол Франциск Екінші деген атты алады деп ойлаған едік. Бірақ ол 1800 жылдардың соңындағы Папаның есімін Лев дегенді таңдады. Мен оның жақсы дінбасы болатынына сенімім мол.
2 Бұл Америка үшін де, бүкіл әлем үшін жақсы нышан деп санаймын. Мен жаңа Папа туралы көп білмеймін, бірақ бәрі жақсы болады деп сенемін.
6 Әуелі біраз таңырқап қалдым. Жаңа Папаның Америкадан шыққанына сену қиын болды. Бұл америкалықтарға жақсы жағынан әсер етеді деп ойлаймын. Бірақ ең бастысы нәсіліңе, ұлтыңа қарамастан әркез адам болып қалу маңызды.
3 Мен үшін күтпеген жаңалық болды. Тіпті кеше достарыммен америкалық ешқашан Папа болмайды деп бәстескен едім. Қателесіппін. Менің ойымша, бұл АҚШ епископтары мен Рим арасындағы бірлікті нығайтады.