Үндістанда 27 әуежай жабық тұр

Үндістанның солтүстік-батысында 27 әуежай жабылды, деп хабарлайды 24kz.

Соның салдарынан 400 рейс орындалмайтын болды. Билеттерге сұраныстың артуына байланысты қосымша пойыздар іске қосылған. Ал Пәкістан керісінше барлық әуе айлақтарын қайта ашты. Бұған дейін мұнда бірнеше әуежай уақытша жабылған еді. Бірқатар халықаралық әуе компаниясы қауіпсіздік мақсатында уақытша өңірге рейстер орындамай жатыр. Өйктені қазір Нью-Дели мен Исламабад арасындағы ахуал ушығып тұр. Бүгін түнде Пәкістан жүздеген дронмен көрші ел аумағындағы 36 нысанды атқылаған. Үндістан жауынгерлері көбін атып түсіріп, жауап ретінде әскери дрондар ұшырған.