Еуроодақ АҚШ-қа қарымта тариф енгізуі мүмкін
Еуроодақ АҚШ-пен баж салығы бойынша ортақ келісімге келе алмаса, қарымта тариф енгізеді, деп хабарлайды 24kz.
Мұны Брюссельде Еуропалық комиссия өкілдері мәлімдеді. Ортақ аймақ Құрама Штаттардың жалпы құны 95 млрд еуро болатын өніміне салықты көтеруге ниетті. Тауарлардың тізімі құрылған. Оның ішінде америкалық шарап, балық, ұшақ, көлік пен қосалқы бөлшектер және медициналық техника бар. Мәселеге қатысты бір ай қоғамдық талқылаулар өткізілмек. Алайда, Еуроодақ АҚШ-пен ортақ келісімге келсе, райынан қайтуға даяр.