Колумбияда лай көшкінінен 5 адам опат болды
Колумбияда толассыз жауған жауынның соңы лай көшкініне ұласып, 5 адам опат болды. Тағы үшеуі із-түзсіз жоғалып кеткен.
Табиғи апаттан Сабанете қаласының тұрғындары зардап шекті. Лай көшкінінен көп үй бүлінген. Тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілді. Қазір апат болған аймақта іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.