Каталонияда хлор сақтайтын қойма өртінен кейін ТЖ жарияланды
Испанияның Каталония аймағында хлор сақтайтын қойма өртеніп, 5 ауданда төтенше жағдай жарияланды.
Өндірістік ғимаратта 70 тоннадай хлор болған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Жергілікті билік тұрғындарға есік-терезелерін бекітіп, сыртқа шықпауға кеңес берді. Өрт сөндірушілер жалынның көрші нысандарға таралуын болдырмай, өшіре алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ондаған өрт сөндіруші жұмылдырылып, 20 арнайы техника қолданылды. Апаттың шығу себебі әзірге белгісіз.