Бейжіңде гуманоид роботтардың алғашқы әлемдік ойындары өтеді

Биыл Қытайда гуманоид роботтар алғаш рет сайысқа түседі, деп хабарлайды 24kz.

Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған әлемдік ойындар Бейжіңде жазда өткелі отыр. Құлтемірлер үш санат бойынша жарысады. Яғни, спорттық сайыстарға қатысады. Бағдарламаға жеңіл атлетика, гимнастика секілді спорттың 11 түрі енген. Сондай-ақ би өнерлерін көрсетіп, өндіріс орындары, аурухана және қонақжайда қолданылатын тапсырмаларды орындайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың басты мақсаты робот жасау саласындағы соңғы жетістіктерді көрсету және технологияның дамуын ынталандыру.