Дональд Трамп Женевадағы қытаймен сауда келіссөзін оң бағалады

Женевада АҚШ пен Қытай арасында тарифтерге қатысты келіссөз өтті, деп хабарлайды 24kz.

АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент пен Қытай вице-премьері Хэ Лифэннің 10 сағатқа созылған кездесуі құпия түрде жүрді. Келіссөз аяқталғаннан кейін тараптар журналистерге сұхбат берген жоқ. Дегенмен, президент Дональд Трамп келіссөздің жақсы өткенін айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады.