Жаңа Рим Папасы кардиналдарға үндеу жасады

«Жасанды интеллект адамзат үшін қауіпті». Бұл жаңа Рим Папасының кардиналдарға жасаған бірінші үндеуінде айтылған мәселе.

Понтифик өз сөзінде нейрожүйелердің дамуы адамның қадір-қасиетіне, еңбекті қорғауға нұқсан келтіретінін атап өтті. Associated Press агенттігінің дерегіне сүйенсек, осыған ұқсас пікірді бұрынғы папа Франциск те айтқан.

Еске сала кетейік, 8 мамырда жаңа Рим-католик шіркеуінің басшысы 69 жастағы Роберт Прево сайланған еді. Оны ұлықтау мен ресми қызметіне кірісу рәсімі 18 мамырда өтеді.