Бүгін Лондонда Украина мәселесі талқыланады

Еуропа елдерінің сыртқы істер министрлері Ланкастер-хаус сарайына жиналып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Еуроодақтың жоғары өкілі Кая Каллас пен Франция, Италия, Германия, Испания және Польшадан келген әріптестерін Ұлыбританияның сыртқы ведомство басшысы Дэвид Лэмми қарсы алды. Күн тәртібінде қаралатын басты мәселе – Украинаға қолдау көрсету, Кәрі құрлықтағы қауіпсіздікті нығайту және Ресейге қарсы экономикалық қыспақты күшейту. Кездесу 19 мамырда Ұлыбританияда Еуропа елдері басшыларының қатысуымен өтетін саммит қарсаңында ұйымдастырылып отыр.