АҚШ пен Қытай тарифтерді төмендетуге келісті
АҚШ пен Қытай өзара тарифтерді 90 күнге төмендетуге келісті, деп хабарлайды 24kz.
Бұл шешім Женевада өткен сауда келіссөздерінің нәтижесінде қабылданған. Вашингтон 145% салықты 30%-ке түсіреді. Ал Бейжің 125%-тен 10%-ке дейін қысқартпақ. Тараптар экономикалық және сауда мәселелері бойынша кеңесуді жалғастыру үшін екіжақты тетік құруға уағдаласты. Қытай делегациясын Мемлекеттік кеңес вице-премьері Хэ Лифэн, ал АҚШ тарапын Қаржы министрі Скотт Бессент бастап барды.