Қытайда сутегімен жүретін пойыз алғаш рет жолға шықты
Локомотив Гуйчжоу аймағындағы теміржол жүк тасымалына пайдаланыла бастады, деп хабарлайды 24kz.
Ел билігі сутегімен жүретін техниканы коммерциялық мақсатта қолдануға рұқсат берген. Пойыз 4500 тоннаға дейін жүк тасып, 140-150 шақырымға дейін жүре алады. Қытайда осымен бірге сутегімен жүретін жүк көліктері мен автобустар қолданысқа берілді. Жобаның бастапқы кезеңінде 100 дана жүк және 4 дана қоғамдық көлік тапсырылды.