Д. Трамп Сауд Арабиясына сапарлап барды

Дональд Трамп Таяу Шығыс елдеріне 4 күндік турне аясында Эр-Риядқа барды. Оны Тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бин Салман Әл-Сауд қарсы алған. Олардың ресми кездесуі кейін өтпек. Сосын Трамп АҚШ пен Саудияның бірлескен инвестициялық конференциясында сөз сөйлейді. Жиында Илон Маск те сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Ақ үй басшысының араб еліне келудегі басты мақсаты – экономикалық, инвестициялық және қорғаныс келісімдерін жасау. Трамптың жанында мемлекеттік хатшы Марко Рубио, қорғаныс министрі Пит Хегсет, сондай-ақ BlackRock және Citigroup компанияларының бас директорлары жүр. Трамп әрі қарай Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктеріне бармақ. Айта кетейік, бұл Ақ үйге оралған Трамптың шетелге жасаған алғашқы ауқымды сапары болғалы тұр.