Д.Трамп Сириядан санкцияларды алатынын мәлімдеді

АҚШ Сирияға салынған санкцияларды алып тастайды.

Бұл туралы Сауд Арабиясындағы «Инвестициялық форумда» Ақ үй басшысы мәлімдеді. «Рейтер» агенттігі Сирияның өтпелі кезеңдегі президенті Ахмед әл-Шараа Дональд Трамппен бүгін кездесу үшін Эр-Риядқа баратынын хабарлаған.

Айта кетейік, АҚШ Башар Асад президент болған кезеңде араб еліне санкциялар салған болатын. Асад 13 жылға созылған азаматтық соғыстан кейін өткен жылдың желтоқсанында биліктен қуылды. Содан бері Саудия Сирияға қарсы санкияларды алып тастауға үндеп келеді.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Сирияда тұрақтылық орнатып, бейбітшілікті орнықтыра алатын үкімет бар. Сондықтан да менің әкімшілігім он жылдан астам уақыттан бері алғаш рет АҚШ пен Сирия арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін алғашқы қадамдарға барып отыр. Мен Сирияға үлкен мүмкіндік беру үшін оған қарсы санкцияларды тоқтатуға бұйрық беремін.

Трамп мәлімдемесін сириялықтар қуана қарсы алды. Ел астанасы Дамаскіде түні бойы той болып жатыр. Тұрғындар мемлекеттік туды қолға алып, көшеге шығып кеткен. Көшелерді көлікпен кезіп, билеп мәз. «Кейбір сириялықтар Сауд Арабиясының Тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бин Сальманға алғыс білдірді.