Reuters: В.Зеленский Ыстамбұлда тек В.Путинмен ғана келіссөз жүргізеді
Владимир Зеленский Ыстамбұлда тек Владимир Путинмен ғана келіссөз жүргізеді.
Бұл туралы Украина президенті журналистермен өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді. Оның айтуынша, басқа деңгейдегі кездесулердің еш мәні жоқ. «Тіпті Сыртқы істер министрі немесе Путиннің көмекшісі де шешім қабылдауға қауқарсыз», - деді ол. Ресей президенті осының алдында: «Тікелей келіссөздерді ешқандай шартсыз Түркияда 15 мамырда өткізейік», - деп ұсыныс жасаған болатын.
Владимир Зеленский, Украина президенті:
- Біз оқ атудың ешқандай шартсыз тоқтағанын күтеміз. Кейінгі айлардағы жағдай көрсеткендей, оқ атпау режимін тек Путин ғана жариялай алады. Ресей тікелей келіссөзге бейілді екенін білдірді, бұл идеяны АҚШ та қолдады. Бұл ұсынысты мен де құптаймын. Путин келмей қалса, бұл Ресейдің ешқандай келіссөзге дайын емес екендігін білдіреді. Мұндай жағдайда АҚШ, Еуропа мен басқа елдердің басшылары уәдесінде тұрып, санкциялар енгізуі керек.
Кремль Ыстамбұлға баратын делегация құрамын әлі жарияламады
Ресей президентінің баспасөз хатшысы ресейлік делегация ертең Ыстамбұлда украиналық тарапты күтетінін жеткізді. Бірақ ол топ құрамында кімдер болатынын ашып айтпады. Алдағы жиынға АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да қатысады деген ақпарат бар.