Әлемде мәжбүрлі қоныс аударғандар саны 83 млн адамға жетті
Кейінгі 6 жылда әлемде босқындар саны 2 есе артып, 83 миллион адамға жетті, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жағдайлардың 90%-і геосаяси сілкіністер және климаттық дағдарыстармен байланысты. Мұндай мәліметтер Норвегияның босқындар ісі жөніндегі кеңесінің жылдық есебінде келтірілген. Судандағы азаматтық соғыс кесірінен 11 миллион адам өз жерінде босқынға айналды. Сондай-ақ Ауғанстан, Иран, Венесуэла мен Сирия азаматтары да мәжбүрлі түрде қоныс аударған.