Перу премьер-министрі биліктен кетті

Перу премьер-министрі биліктен кетті, деп хабарлайды 24kz.

Конгресс оған сенімсіздік білдіру мәселесін қарастырғалы отыр еді. Елде қылмыс көбейіп кеткен. Өткен айда қазба байлықты заңсыз игеріп жүрген қарулы топ 13 кеншіні ұрлап кеткен болатын. Бірнеше күннен кейін олардың мәйіті табылды. Экс-үкімет басшысы Густаво Адриансен жұмысшылардың ұрланғаны өтірік деп мәлімдеп, қоғамның қатаң сынына қалды. Конгрессмендер кеншілердің өліміне Адриансен кінәлі деп айыптаған. Ол үкіметті 1 жыл 2 ай басқарды. Кейінгі 2,5 жылда үкімет басшысы 3 рет ауысты.