Microsoft 7000 қызметкерін қысқартады

Microsoft жыл аяғына дейін 7 мың қызметкерін қысқартады, деп хабарлайды 24kz.

«Блумбергтің» мәліметі бойынша бұл барлық жұмыс күшінің 3%-і. Коронавирус індеті кезінде сұраныс артқан соң компания штатын кеңейткен болатын. Енді кадр саясатын өзгерту қажет. Жылдық есеп дерегі бойынша, «Майкрософтта» 228 мың адам жұмыс істейді. Кейінгі жылдары компания жасанды интеллектіге көптеп инвестиция сала бастаған. Биыл «Майкрософт» серверлік қуатын дамытуға 80 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр.