Д. Трамп Сирияның уақытша президентімен кездесті

АҚШ президенті Дональд Трамп Эр-Риядта Сирияның уақытша басшысы Ахмед Аш-Шараамен кездесті. Бұл 2 ел басшыларының кейінгі 25 жылдағы алғашқы бас қосуы.

Трамптың айтуынша, оны Аш-Шараамен кездесуге Саудияның тақ мұрагері – ханзада Мұхаммед бин Салман мен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған көндірген. Осының алдында Ақ үй басшысы Сирияға қарсы салынған санкцияларды алып тастайтынын айтқан болатын.