Ашхабадта климаттың өзгеруіне арналған Орталық Азия конференциясы өтіп жатыр

Жаһандық жылыну Жер шары үшін аса қауіпті. Климаттың күрт өзгеруін бүгінде әлемнің көп елі сезіп жатыр. Түрікменстан астанасы Ашхабадта өтіп жатқан Орталық Азия конференциясында сарапшылар осылай дейді.

Іс-шараға экологтар, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдерін қоса алғанда бас-аяғы 200-ге тарта қатысушы жиылды. Олар үш күн бойы экологиялық сын-қатерлермен күрес жайында пайымдарын ортаға салады. Жиынға біздің елдің делегациясын экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев бастап барды.

Айта кетейік, келер жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өтеді. Бұл көрші мемлекеттермен диалогты нығайтудың маңызды алаңы болмақ.