Еуроодақ елшілері Ресейге қарсы кезекті санкцияларды мақұлдады
Еуроодаққа мүше мемлекеттердің елшілері Ресейге қарсы санкциялардың 17 пакетін мақұлдады. Қара тізімге кіргендер әлі жария етілген жоқ. Блумберг агенттігінің хабарлауынша, онда ондаған жеке және заңды тұлға, сондай-ақ жүзден аса кеме бар.
Енді бұл жазалау шараларын Еуроодақтың сыртқы істер министрлері келесі аптада бекітуі тиіс. Бұған дейін одаққа мүше елдердің басшылары Ресейді Украинадағы атыс-шабысты 30 күнге тоқтатуға шақырған. Әйтпесе санкцияларды күшейтетіндерін ескерткен еді.