Apple гаджеттері ойдың күшімен басқарылуы мүмкін

Ұялы телефонды немесе гаджеттерді қолмен емес оймен басқаратын күнде алыс емес.

Эпл компаниясы құрылғыларды оймен басқару технологиясын әзірлеп жатыр. Ол үшін қолданушының мойнындағы тамырына нейро-чип орнатылады. Ол адам миының белгілерін сезіп, құрылғыға тапсырмалар береді. Қазір технология жұлыны зақымданған науқастардың арасында сынақтан өткізіліп жатыр. Келешекте ол мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуі мүмкін. Бірақ кеңінен қолдану үшін құзырлы органдардың рұқсаты қажет.