Балалар үшін ең жайлы елдер анықталды
ЮНИСЕФ ұйымы табыс деңгейі жоғары елдердің балаларына қатысты жүргізілген зерттеудің қорытындысын жария етті.
Физикалық және психикалық денсаулығы мен мүмкіндігі дамыған жасөспірімдер Нидерландта өмір сүреді. Дания мен Францияның балалары үздік үшттіктердің қатарында. Ал көш соңында Мексика мен Чили тұр. Мамандар кейінгі 25 жылда рейтингке кірген 36 мемлекетте балалардың жағдайы кәдімгідей жақсарып қалғанын айтады. Өлім-жітім азайып, білім деңгейі артқан. Бірақ коронавирус климаттың өзгеруі және гаджеттер кесірінен бәрі өзгеріп жатыр дейді ЮНИСЕФ өкілдері.