Брюссель Ыстамбұлдағы келіссөздер қорытындысын күтіп отыр. LIVE

Ресми Брюссель де Ыстамбулдағы келіссөздерді мұқият бақылап отыр, деп хабарлайды 24kz.

Еуроодақ астанасындағы меншікті тілшіміз Жанат Эрнст дәл қазір бізбен тікелей байланыста.

- Брюссель Ыстамбұлдағы келіссөздерден қандай нәтиже күтуде? Еуроодақ басшыларының ресми мәлімдемелері бар ма?

Жанат Эрнст, тілші:

- Еуроодақ Ыстамбұлдағы келіссөздерге қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Тек ұзақмерзімді атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізу туралы жарияланғанын мәлімдеді. Қазір келіссөздердің басталуын тағатсыздана күтіп отыр.

Енді еуропалық басылымдарға шағын шолып жасап өтейін: Brussels Times бельгиялық басылым, Рютте: «келіссөздерге «сақтық оптимизммен» қарауға болады», - деп жеткізді. Бұл Ресейдің «келесі қадамдар» жасауына байланысты делінген. Оған қоса, егер екі жақ та тез арада атысты тоқтату туралы мәмілеге дайын болса, алдағы екі аптада прогресс болуы мүмкін деп отыр.

Жүргізүші:

- Алдын ала күткеніміздей,  кездесуге мемлекет басшылары қатыспайтынына Брюссельдің реакциясы қалай?

Жанат Эрнст, тілші:

- Бұл туралы ақпарат кешегі түнге дейін өзгеріп тұрды. Мәскеу мен Киевтің соңғы үш жылдағы келіссөздерінен Брюссельдегі оптимистік көңіл-күйдің бәсеңдегені сөзсіз. Жергілікті БАҚ келіссөздердің нәтижелеріне қандай да бір болжам жасауға тырысып жатыр. Euractiv басылымы: «Путин өзінің қатысатынын ешқашан растамағанымен, Ресей мен АҚШ президенттерінің болмауы үлкен серпіліс күтуді азайтады», - деп жазды. Тагы да айта кететін жайт, атысты тоқтату режимін енгізу бойынша Ресей келісімге келмейтін болса, еуропалықтардың оларға қарсы санкцияларды күшейту туралы уәделері бар.