АҚШ-та мектепті су басты

АҚШ-тың Мэриленд штатында мектепті тасқын шайып кетті, деп хабарлайды 24kz.

Судың деңгейі екінші қабатқа дейін көтерілген. Ғимараттағы 200 адам шұғыл көшірілді. Олардың 150-і оқушы. CNN-нің хабарлауынша, толассыз жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласқан. Әсіресе, Western Port қатты зардап шекті. Коммуналдық қызмет мамандары суды сору жұмыстарымен айналысып жатыр. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, табиғи апаттан  құрбан болғандар жоқ. Негізі АҚШ-та тасқыннан жыл сайын кемінде 130 адам қаза табады.