Азияда коронавирус тез тарап жатыр

Азия елдерінде коронавирус тез тарап жатыр. Кейінгі бір аптада Гонконгта вирус жұқтырғандар саны жыл басынан бері ең жоғары деңгейге жетті. Жағдайы ауыр науқастар да көбейген.

Сингапурде де осындай жағдай. Мұнда бір аптада КОВИД-19-ға шалдыққан тұрғындар саны 28% артқан. Көбінің ауруы асқынып, ауруханада жатыр. Дәрігерлер: «Вирустың тез тарауына жергілікті халықтың иммунитетінің әлсіреуі себеп», – дейді.