БҰҰ: Әлемде қарулы қақтығыстан бір жылда 56 мың адам жоғалған

Былтыр әлемде қарулы қақтығыс салдарынан 56 мың адам ізім-ғайым жоғалып кеткен. Бұл туралы БҰҰ-ның өкілдері хабарлайды.

«Шындығында, сандар әлдеқайда жоғары болуы мүмкін», - дейді мамандар. Өйткені ресми статистикаға кірмей қалған беймәлім оқиғалар көп екенін айтады. Осы ретте БҰҰ-ның өкілдері Газа секторындағы ахуалға қатысты алаңдаушылық танытып отыр. Мұнда палестиналық ХАМАС мүшелері 58 адамды тұтқында ұстап отыр. Жақындарғы оларға қатысты ешқандай ақпарат ала алмай отыр. Мамандар сондай-ақ осы Газадағы атыс-шабыс салдарына да тоқталып өтті. Олар үйінділер астында мыңдаған палестиналық болуы мүмкін екенін айтады.