АҚШ пен Канадада орман өрті өршіп тұр

АҚШ-тың Миннесота штатында 13 мың гектар орман алқабы өртеніп кетті, деп хабарлайды 24kz.

Қызыл жалынның өршуіне құрғақ ауа райы себеп. Тілсіз жаудан 150 үйге зақым келді. Тілсіз жаумен күреске Ұлттық гвардия жұмылдырылды. Канадада да орман өрті ырық берер емес. Салдарынан 2 адам көз жұмды. Қазір қауіпті аймақтан тұрғындар эвакуацияланып жатыр. От шарпыған аумақ 100 мың гектардан асып кетті. Елде көктем ерекше ыстық боп тұр. Кейбір жерде ауа температурасы 30 градустан асады. Оның үстіне жел тұрып, отты сөндіруге кедергі келтіріп жатыр.