АҚШ Газа секторынан 1 млн палестиналықты Ливияға қоныстандыру жоспарын дайындап жатыр

Дональд Трамп әкімшілігі Газа секторынан бір миллион палестиналықты Ливияға көшіру жоспарын әзірлеп жатыр.

Бұл туралы NBC телеарнасы хабарлады. Жоспарды жүзеге асыру туралы түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Дегенмен, Ақ үйде көшіру шараларын қаржыландыру жан-жақты талқыланып жатыр. Көшіп келгендерге тегін баспана мен әлеуметтік төлемдер ұсынылуы мүмкін. Сонымен қатар Вашингтон Ливияға палестиналықтарды қабылдауға келісім бергені үшін елдің бұғатталған активтерін қайта ашуды ұсынбақ. Алайда палестиналықтар Ливияның қай аймағына орналасатыны белгісіз. Сарапшылардың пікірінше, бұл елдегі шиеленісті одан әрі күшейтуі мүмкін.