Ватиканда қауіпсіздік күшейтілді

Ватиканда жаңа Рим папасының таққа отыру рәсімі қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 

Туристер жиі баратын аймақтарға күзет қойылып, Әулие Петр алаңында полиция құқықтық тәртіпті бақылайды. Бүгін бұл жерде Понтифик Лев он төртіншінің таққа отыру рәсімі өтеді. Іс-шараға әлемдік және діни көшбасшылар келеді. Шамамен 250 мың адам қатыспады. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. 8 мамырда Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысы болып 69 жастағы америкалық Роберт Прево тағайындалды.