АҚШ-та торнадодан 21 адам қаза тапты
АҚШ-та торнадо салдарынан 21 адам ажал құшты.
Тағы ондаған тұрғын жараланған. Дүлей дауылдан әсіресе Миссури мен Кентукки штаттары қатты зардап шекті. 5 мыңнан астам үй қирап, жарты миллионнан аса адам жарықсыз қалды. Торнадо шатырларды жұлып, терезелерді қиратып, ағаштарды қопарып тастады. Іздестіру-құтқару операциясы әлі жүріп жатыр. Билік құрбандар саны өсуі мүмкін екенін ескертті.