Жаңа Рим папасын жұртшылық қуанышпен қарсы алды

Жаңа Рим папасының сайланғаны туралы жаңалықты әлемде алғашқылардың бірі болып Ватикандағы Әулие Петр Базиликасының алаңына жиналған жұрт естіді.

267-понтификті сайлау үшін кардиналдар дауыс беру рәсімін 4 рет өткізді. Жаңа понтификтің таңдалғаны туралы 8 мамыр күні белгілі болды. Сикстин капелласының мұржасынан шыққан ақ түтін соның дәлелі болды. Сол сәтте алаңға 40 мыңнан астам адам жиналған еді. 

БЛИЦ

-Бұл күтпеген жағдай болды, біз ол Франциск Екінші деген атты алады деп ойлаған едік. Бірақ ол 1800 жылдардың соңындағы Папаның есімін – Лев дегенді таңдады. Мен оның жақсы дінбасы болатынына сенімім мол.

-Бұл Америка үшін де, бүкіл әлем үшін жақсы нышан деп санаймын. Мен жаңа Папа туралы көп білмеймін, бірақ бәрі жақсы болады деп сенемін.

-Әуелі біраз таңырқап қалдым. Жаңа Папаның Америкадан шыққанына сену қиын болды. Бұл америкалықтарға жақсы жағынан әсер етеді деп ойлаймын. Бірақ ең бастысы нәсіліңе, ұлтыңа қарамастан әркез адам болып қалу маңызды.

-Мен үшін күтпеген жаңалық болды. Тіпті кеше достарыммен америкалық ешқашан Папа болмайды деп бәстескен едім. Қателесіппін. Менің ойымша, бұл АҚШ епископтары мен Рим арасындағы бірлікті нығайтады.