Ватиканда Рим папасын ұлықтау рәсімі жалғасып жатыр
Ватиканда жаңа Рим папасы Лео Он Төртіншіні ұлықтау рәсімі жалғасып жатыр.
Экранның оң жақ бөлігінде ұлықтау рәсімінен тікелей эфирді көріп отырсыздар. Ал әлем назарын аударған айтулы оқиға қалай өтуде?
«Католиктердің дінбасысы таққа отырмас бұрын Әулие Петр алаңын көлікпен аралап шықты. Рим папасының таққа отыруы ежелгі ғұрып болып саналады. Дәстүрге сай, рим-католик шіркеуінің жаңа басшысына биліктің нышаны саналатын — кестеленіп, қой жүнінен тігілген "палий" лентасы мен алтын «жүзік» тапсырылды. Папаны ұлықтауға 250 мыңнан астам тәу етуші келген.
Даниэлла Мора:
«Мен жаңа Папа Рим Папасын көру үшін келдім. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Мен жуырда католик дінін қабылдадым. Осы маңызды сәтті көру менің сенімімнің бір бөлігін көрсетеді».
Ресми тараптан, 30-ға жуық елдің басшысы қатысты. Арасында Украина президенті Владимир Зеленский бар. Сондай-ақ АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс пен Мемлекеттік хатшы Марко Рубио бой көрсетті. Олар Зеленскиймен қол алысқан."
Кейт Макэлви, Әйелдерді тағайындау жөніндегі конференцияның атқарушы директоры:
«Жаңа Рим Папасы әйелдер теңдігіне қатысты мәселеге баса назар аударуы тиіс. Өйткені әйелдерді кемсіту – бұл күнә. Біз жаңа Рим папасы мұны тез арада шешуі керек деп айтуға келдік».
Діни қызметкерлер Жаңа Рим папасына адал қызмет етуге ант бергеннен кейін 267-понтифик Әулие Петр шіркеуінде жиылған жұртқа үндеу жасайды. Сарапшылардың пікірінше, әлем жұртшылығы жаңа Рим Папасына үлкен үміт артып отыр.
Ернат Рахметолла