Газада Израиль шабуылдарынан бір күнде 125 адам қаза тапты

Газа секторында Израиль шабуылынан бір күнде 125 адам қаза тапты. Бұл туралы «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады.

Құрбандардың жартысы – Әл-Маваси деп аталатын аймақ тұрғындары. Тағы 400-ге жуық палестиналық жараланды. Газаның орталық, оңтүстік және солтүстік бөліктеріне шабуыл жасалған. Ондаған тұрғын үй мен тұтас босқындар лагері талқандалды. Израиль: «Әскери операцияның мақсаты – ХАМАС ұйымының инфрақұрылымын жою», – дейді. Бірақ бұл шабуылдардан бейбіт тұрғындар қырылып жатыр.