Австрия халқы «Евровидениеде» жеңген әншісін құрметпен қарсы алды
Австрия 11 жылдық үзілістен соң алғаш рет халықаралық «Евровидение» байқауында жеңіске жетті. 24 жастағы австриялық-филиппиндік контр-тенор JJ Wasted Love опералық-техно балладасын орындап, көптің көңілінен шықты.
Сөйтіп, Австрия «Евровидение» тарихында үшінші рет үздіктер қатарынан табылды. Бұған дейін 1966 және 2014 жылдары жеңіске жеткен еді. JJ, шын аты Йоханес Пич Вена қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Вена мемлекеттік операсында өнер көрсетеді.