Әлем АҚШ, Украина және Ресей президенттерінің келіссөзін жылы қабылдады

Әлем көшбасшылары АҚШ, Ресей және Украина президенттерінің телефон арқылы әңгімесін жылы қабылдады, деп хабарлайды 24kz.

Еуропалықтар Украинаны қолдап, оқ атуды тоқтатудың ерекше маңызды екенін атап өткен. Германия, Италия, Финляндия басшылары қақтығысты бейбіт реттеуге үлес қосуға дайын екенін білдірді. Еурокомиссия жетекшісі Урсула фон дер Ляйен АҚШ президенті Дональд Трампқа бейбіт бітім орнату жолындағы күш-жігері үшін алғыс айтып, Украинаға көмек үзілмейтінін жеткізген. Біріккен ұлттар ұйымы да тараптардың келіссөзін жоғары бағалады. Бас хатшының ресми өкілі Стефан Дюжаррик қақтығысты бейбіт жолмен шешуге бағытталған кез келген іс-әрекетті құптайтынын мәлімдеген.