АҚШ-та торнадодан 30 адам қаза тапты

АҚШ-тың орталық және шығысында торнадодан 30 адам ажал құшты, деп хабарлайды 24kz.

Қайғылы хабарды USA Today басылымы жазды. Құйын Оклахома, Миссури және Кентукки штаттарының аумағын жайпап өтті. 5 мыңнан астам үй қирап, электр желілері үзілген. Желдің екпіні сағатына 120 шақырымға жетті. Іздеу-құтқару операциясы әлі жүріп жатыр. АҚШ-та күн райының бұзылғанына 3 күннен асты. Осы уақыт ішінде 70-тен астам құйын көтерілген.