Еуроодақ Ресейге қарсы кезекті санкцияларды мақұлдады
Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың 17 пакетін мақұлдады. Бұл жолы қара тізімге әскери-өнеркәсіптік кешенмен байланысты 75 жеке және заңды кірді.
Сондай-ақ ресейлік 200-дей кемеге Еуроодақтың порттарына кіруге, сондай-ақ олармен ақшалай транзакциялар жүргізуге тыйым салынды. Қазір одақ өкілдері Ресейге қарсы санкциялардың 18 пакетін әзірлеп жатқандарын мәлімдеді. Осылайша Мәскеуді Украинада оқ атуды тоқтату туралы ұсынысты қабылдауға көндірмекші.