Элтон Джон: Жасанды интеллектке ән жаздыру – бұл қылмыс

Заманауи бейнелеу өнері

YOUTUBE.COM/DATALAND

Биыл Лос-Анджелесте әлемдегі алғашқы жасанды интеллект өнер мұражайы — Dataland ашылады.  Оның негізін қалаушы түрік-америкалық суретші Refik Anadol. Ол жасанды интеллект пен өнерді біріктіріп, шығармашылықтың жаңа түрін көпшілікке ұсынбақ. Яғни сандық форматтағы 180 миллионнан астам табиғат туралы сурет көрсетіледі. Бұл суреттердің ерекшелігі қозғалады. Анимациялық түрде жасалған. Диджитал суретшілер, заманауи тілмен айтқанда дизайнерлер бұл жобаға Амазония, Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азияның тропикалық ормандары туралы деректерді пайдаланған. Туындылардың тағы бір ерекшелігі одан дыбыс шығады. Сосын көрермендер үшін иіс сезу құрылғылары пайдаланылады. Ендігі уайым,  жасанды интеллект бұлай дами берсе суретші керек болмай қала ма деген де ой туындайды:

ЦИТАТА:

Жасанды интеллект жасаған туынды — өнер саласындағы жаңашылдық. Дегенмен, бұл ақылды машина нағыз өнер адамдарының орнын алмастырады деген сөз емес. Олай болуы мүмкін емес. Жаңа технологияның мүмкіндігі көп. Тек оның шектен аспауы маңызды. 

Рефик Анадол, Dataland негізін қалаушы

Роботтар ән де айтады, би де билейді

Жасанды интеллекттің таңқалдырудан жалықпайды. Роботтар әуелетіп ән салып, жұртпен бірге билеп жүр. Таяуда Қытайда адамнан аумайтын роботтар кәсіби бишілермен бірге өнер көрсетіп, дүйім жұртты таңдай қақтырды.

Бұл қойылым Қытайдың роботты техника саласындағы жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, мәдени мұраны заманауи технологиямен ұштастыруының үлгісі болды. Тек би емес, қытайлық инженерлер роботтарға ән айтқызып, түрлі аспапта ойнайтын қабілетін де ашты. Сондай-ақ, роботтар, сурет салу, мүсін жасау сияқты көркем өнер салаларында да қолданылады.

Жасанды интеллектке ән жазғызу қылмыспен тең

Шығармашылықтың шегі жоқ дейміз... дегенмен жасанды интеллект дамуымен, бұл салаға шектеу көбейді. Өйткені жаңа технология өнер адамының авторлық құқығына нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл мәдениет пен технология арасындағы теңсіздік. Сөзіме дәлел болсын, былтыр жасанды инттелкт арқылы ән жазған 52 жастағы америкалық азаматқа 20 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Ол 2017-2024 жылдар аралығында 100-ден астам әннің әуенін жасанды интеллект арқылы өңдеп, 7 жыл ішінде 12 миллион доллар көлемінде табыс тапқан. Оның әндері танымал платформаларда 4 миллиард тыңдалым жинаған. Осыдан кейін Spotify секілді музыкалық платформалар мыңдаған өлеңді тексеріп, бірқатары өшірілген. Иә, өнерге әркімнің-ақ бар таласы.. Бұл ретте сарапшылар, жасанды интеллект адамға бәсекелес емес, жаңа өнерді жасаушы көмекші құрал болуға тиіс дейді. Ал өнер адамдары қылмыспен тең деп есептейді. 

ЦИТАТА: 

Технологиялық компаниялардың жасанды интеллектке ән жазғызуды үйретуі қылмыс деп есептеймін. Машинаның жаны, жүрегі, сезімі жоқ. Ол нағыз сезімдерді адам сияқты жеткізе алмайды. Сондықтан оған мүмкіндік беруге болмайды.

Элтон Джон, британдық әнші