CNN: Израиль Иранның ядролық нысандарын бомбалауы мүмкін

Израиль Иранның ядролық нысандарын бомбалауы мүмкін.

Бұл туралы АҚШ әскерилерінің барлау мәліметіне сілтеме жасаған CNN телеарнасы хабарлады. Мәліметке сәйкес, Израиль әуе күштері жаттығуды күшейткен және техника шоғырландыра бастаған. Сарапшылар осылайша Иранды ядролық бағдарлама бойынша АҚШ ұсынған талаптарға күштеп көндіру көзделіп отыр дейді. Айта кетейік, сәуір айынан бері Оманның араағайындығымен парсы елінің билігі мен ресми Вашингтон арасында келіссөздер жүріп жатыр. Штаттар Тегеранға ядролық қару әзірлеу ісінен бас тартқан жағдайда санкцияларды алып тастаймыз деген ұсыныс айтумен келеді.