АҚШ G20 саммитіне қатысудан бас тартты
АҚШ биыл қарашада Оңтүстік Африка Республикасында өтетін «Үлкен жиырмалық» саммитіне қатысудан бас тартты.
Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Марк Рубио мәлімдеген. Өйткені Құрама Штаттар билігі Оңтүстік Африка Республикасының басшылығымен тіл табыса алмай отыр. Сондай-ақ форумның күн тәртібінде де келіспейтін тұстары бар. Рубио қайшылықты жайттар қатарында адам құқығы, азық-түлік қауіпсіздігі, теңсіздік, инклюзия және тұрақты дамудағы олқылықтарды атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Трамп наурызда адам құқықтарын бұзып жатыр деген желеумен Оңтүстік Африка Республикасына қаржылай көмек беруді тоқтатқан болатын.