Пәкістанда аптап ыстықтан оқушылар жазғы демалысқа ерте шығады

Пәкістанда күн шыжып тұр. Елдің солтүстік-шығысындағы Пенджаб провинциясында 43 градусқа дейін ыстық. Бұл қалыпты межеден 5-6 градусқа жоғары. Осыған байланысты ел билігі оқушыларды жазғы демалысқа біраз күнге ерте шығарды. Мамандар аптап ыстық апта бойы болатынын ескертеді.

Мохаммад Шехзад, Лахор қаласының тұрғыны:

- Күн ыстық екен деп жұмысқа бармай қоймаймыз ғой. Жұмыс жалғасып жатыр. Басыма күн өтпес үшін көлеңкеде жүруге тырысып жатырмын. Сосын мейлінше көп су ішемін.