Әлем бойынша Израиль елшіліктерінде қауіпсіздік күшейтілді

Израиль өзге мемлекеттердегі елшіліктерінде қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Бұл Вашингтондағы оқиғадан кейін қабылданған шешім. Кеше кешке АҚШ астанасындағы еврей елінің дипломатиялық миссиясының екі қызметкеріне оқ атылды. Шабуыл олар Еврей мұражайынан шығып келе жатқан сәтте жасалған. Атыс салдарынан екеуі де қайтыс болды. Күдікті ұсталды. Ол шабуылды Газа үшін жасағанын айтқан. АҚШ президенті қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтып, оқиғаның жіті тергелетінін жеткізді.