Қытайлық BYD сатылымдар бойынша Tesla компаниясын басып озды

Қытайдың BYD компаниясы Еуропадағы электрмобильдер сатылымы бойынша алаш рет америкалық «Тесланы» басып озды, деп хабарлайды 24kz.

Өткен айта Қытайдың өндірушісі 7200 көлік сатқан. Бұл былтырмен салыстырғанда 169%-ке көп. Ал сәуірде «Тесланың» сатылымдары керісінше екі есе азайған. Сарапшылар мұны компанияның басшысы Илон Маск беделінің төмендеуімен байланыстырады. Ал BYD өнімдер тізбегін кеңейтіп, Еуропа нарығындағы өз позициясын нығайтып келеді.